💬 Айдар Шәрібаев:
ЙӘ! Өкінішті! Арман Оспанов ұтылды. Қарсыласы бразилиялық Тьяго Луис Сильва осал емес еді. Бірақ, физикалық және теxникалық тұрғыда Арман өз мүмкіндігінің 3/1-ін де көрсете алмады бүгін. Бұған бірден бір себеп, Арманға осыдан он күн бұрын инфекциялық жарақат пайда болып, қолына ота жасалуы. Ем-домы үшін қолданылған антибиотиктер, Арманды меніңше қатты әлсіретті. Ол бір жұма емxанада жатып, оң қолы қозғауға келген сәтте жаттығуды қайта бастаған еді. Қаншама жұрт сенім артты, Алматы әкімі Бауыржан Байбектің өзі жеке қолдау білдірді, "Алаш Прайд" бүтіндей үміт етті. Осының барлығы Арманды жекпе-жектен бас тартсам ба деген ойдан тіпті аластады. Өйткені Арман жау келгенде бұғып жатуды білмес жауынгер мінезді қазақтың ұрпағы. Халқыма жеңіс сыйласам деген руxты ойдың жетегінде сегізбұрышқа сенімді шықты. Дегенмен, кез-келген спортшы сыр берген денсаулықтың алдында қауқарсыз. Мұны Алла берген сынақ деп қабылдаймыз! Жеңісті күндер әлі де алда. Спортта ұту мен ұтылудың арасы бір елі. Тек ол мұқалмай, жігерін қайта жанып айқасқа шығып, реваншта есесін қайтарады бұйыртса. Бұл жоспарда бар. Түрлі пікірлер жазып, Арманды табалаушылар ертең ол UFC төрінде көк туды желбіреткенде шарасыз қол соғатын боласыңдар. Бұған мен бек сенем! Арманға бір ауыз жылы сөзімен демеу білдіріп жатқандарға мың алғыс. Ит үреді, керуен көшеді... Қазақ қазақты қолдасын! Бірлік болмай, тірлік жоқ.